Азиада-2022: Боксшы Асланбек Шымбергенов қоланы місе тұтты

751

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz sports.kz порталына сілтеме жасап.

Азиада-2022: Боксшы Асланбек Шымбергенов қоланы місе тұтты Фото: Olympic.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласы – 2021 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзаваға есе жіберді. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Осылайша Севон Окадзава финалға шығуға жолдама алып, қытайлық Тайбей спортшысы Кан Чиа Вэймен кездеспек. 

Еске салып өтейік, Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының 1/8 финалында қытайлық Ван Пэйчэнді, ширек финалда өзбекстандық Асахуджа Муйдинхуджаевты жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу