Азиада формасына қатысты шағымға министрлік жауап берді

405

Форма сапасы мен стилі спортшылармен келісілді, деп атап өтті шенеуніктер.  

Азиада формасына қатысты шағымға министрлік жауап берді Фото: Tengri Sport

Қазақстандық спортшы Алина Меркулованың Азиадаға арналған форманың сапасына шағымдарына ҚР Туризм және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты спортты дамыту дирекциясы түсініктеме берілді, деп жазады inbusiness.kz.

Алина Сарқұлова Instagram Stories-те форманың сапасыздығы жайлы айтып шағымданды.

"Бізге берілген форма туралы не айта аламын. Кроссовкалардың бары не, жоғы не?! Екі рет киіп едім, табаны түсіп қалды. Майка мен шалбар да жыртылып жатыр. Форманы бір рет қана киіп шыққанға бергендей", — деді спортшы.

Біраз уақыттан кейін спортты дамыту дирекциясы ереже бойынша кез-келген жабдық отандық тауар өндірушілерден сатып алынғанын айтты.

"Өз өндірушілерімізді қолдауымыз керек. Біз форманы ел ішінде аламыз және сол арқылы жұмыс орындарын құрамыз. Қазақстан да ерекшелік болған жоқ – спорттық форманы қазақстандық өндірушілерден сатып алды. Сонымен қатар, дизайн, мата сапасы мәселелері жаттықтырушылар штабының өкілдерімен және спортшылармен талқыланды. Шешім алқалы жиында қабылданды. Спортшылардан Комитетке шағымдар түскен жоқ", - деп хабарлады Мемлекеттік орган.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу