Әзілкеш оқушылардың ата-аналары 30 мың теңгеден айыппұл төледі

411

Абай облысында террористік акт туралы жалған хабарлама берген 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірім жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әзілкеш оқушылардың ата-аналары 30 мың теңгеден айыппұл төледі Фото: Бейнежазбадан

Олар жедел арнаға қоңырау шалған.

Арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Екі оқушы есепке алынды, олардың мінез-құлқы енді ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу