Ол жерге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Түрікменстанның Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ерекше таныстырылымда Ильхам Әлиев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қарабақтың "Достық" ("Достлуг") сәйгүлігін сыйға тартып, көпшгіліктің көңілін аударды.
Бұл сый – дипломатиялық қарым-қатынастың әрі мәдениетаралық байланыстардың нығаюының символы.
Өз кезегінде бұл көріністі БАҚ-тар "Қарабақ аймағының мәдени және тарихи мұрасына құрмет көрсету және ілтипат білдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның бір бөлігі" деп атады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу