banner

Әзірге ірі кәсіпкерлікке келтірілген залалды өтеу мәселесі шешілген жоқ – Қайырбек Сүлейменов

1335

Бұл туралы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы кеңестің бүгін өткен отырысында айтты.

Әзірге ірі кәсіпкерлікке келтірілген залалды өтеу мәселесі шешілген жоқ –  Қайырбек Сүлейменов

"Бизнестің бұл санатына келтірілген шығын 35,4 млрд теңгені құраған. Қазіргі кезде осы субъектілерге келтірілген залалды өтеу тәртібі мен қаржыландыру көздері талқыланып жатыр. Заңнамаға сәйкес құқық қорғау қызметінің жекелеген функцияларын құқық қорғау жүйесі ғана емес, жеке ұйымдардың субъектілері де жүзеге асырады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл функциялар жетілдіруді қажет етеді. Атап айтқанда, жеке күзет қызметін реформалау қажет",- деді кеңес төрағасы.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздктер кезінде зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Залалды өтеуді құқықтық регламенттеу мақсатында 2022 жылғы 18 қаңтарда шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу механизмі бекітілді. Ұлттық экономика министрлігі 27.01.2022 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу ережесін бекітті. Бұл ереже осы жылдың 2 ақпанында мүдделі тараптардың болжамдарын ескере отырып өзгертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу