"Әзірге жағдай мәз емес": Президент еліміздегі жолдың сапасын сынға алды

473

Жөнделіп жатқанына 5 жылдан асқан республикалық маңызы бар жолдар бар. 

"Әзірге жағдай мәз емес": Президент еліміздегі жолдың сапасын сынға алды Фото: Inbusiness.kz

Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Келесі – автожол мәселесі. Еліміз үшін айрықша маңызды "Астана-Балқаш-Алматы" тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Талдықорған-Өскемен" жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс", -деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл бағытта бірнеше мәселені ескеру қажет екенін баса айтты.

"Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Сонымен қатар, жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек. Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі  сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес", - деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу