Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіби боксқа ауысты

704

Бек Нұрмағанбет былтыр 81 келіге дейінгі салмақта Азия құрлығының ең үздік боксшысы атанған болатын. 

Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіби боксқа ауысты

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы бокстан Азия чемпионы Бек Нұрмағанбетпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Боксшы енді кәсіби бокста бағын сынап көрмек.

"Біз саған шыдамдылық, шабыт және жеңіске деген сенім тілейміз. Әр жарыстың нәтижесі сені жігерлендіретіндей жеңіске толы болсын. Біздің командамыз сенің чемпион атануың үшін барлығын істейді", – деп жазылған компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Айта кетерлігі, Бек Нұрмағанбет былтыр 81 келіге дейінгі салмақта Азия құрлығының ең үздік боксшысы атанған болатын. Ақтық кезеңде ол Филиппин спортшысы Нобель Марвинді ұтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу