Азия даму банкі Қазақстан Үкіметіне 400 млн доллар қарыз бермек

293

Қаражат Сарыағаш қаласының айналма жолын салуға жұмсалады.  

Азия даму банкі Қазақстан Үкіметіне 400 млн доллар қарыз бермек Фото: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі Азия даму банкінен мемлекеттік кепілдікпен 400 млн доллар көлемінде қарыз алмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты kapital.kz порталына сілтеме жасап.

Қаржыландыратын жоба Өзбекстанмен шекарадағы көлік ағынын жеңілдетіп, өңірлер арасындағы байланысты күшейтеді деп болжанып отыр.

Азия дамі банкінің Қазақстандағы директоры Утсав Кумардың айтуынша, жол құрылысы елдің транзиттік әлеуетін арттырады.

"Сарыағашты айналып өтетін жол Қазақстанның Шығыс Азия мен Батыс Еуропа нарықтарымен сауда-логистикалық байланысын нығайтады. Бұл елдің өңірлік транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді", – деп мәлімдеді Утсав Кумар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу