"Азия Дауысы" фестиваліне баратындар үшін қала әкімдігі тегін көлік бағыттарын ұйымдастырды

339

Фестивальдің 28, 29 және 30 шілдеде өтуіне байланысты қала әкімдігі оған барушылар үшін тегін жүретін қосымша 55 автобус ұйымдастырады. 

"Азия Дауысы" фестиваліне баратындар үшін қала әкімдігі тегін көлік бағыттарын ұйымдастырды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында келушілерді "Медеу" спорт кешенінің жанында 30 автобус күтіп тұратын болады. Тағы 25 автобус іс-шара қонақтарын Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы Байтұрсынов көшесі бойында күтеді.

Автобустар келушілердің толуына орай сағат 15.00-ден 00.00-ге дейін жүреді. Кері бағытта автобустар фестиваль аяқталғаннан кейін жүретін болады.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алматы метрополитені фестиваль күндері сағат 01:00-ге дейін жұмыс істеді.

Бұл ретте, №12 бағыттың көлігі штаттық режимде жұмысын жалғастыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу