Азияның қор нарығы құлдырады

176

Бұған Дональд Трамптың импорттық тауарларға баж салығын енгізуі себеп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты newsnord.ru-ға сілтеме жасап.  

Азияның қор нарығы құлдырады Фото: freepik.com

Бүгін Жапонияның жетекші 225 компаниясын қамтитын Nikkei 225 индексі 8% арзандады. Оңтүстік Кореяның Kospi шамамен 5%-ке төмендеді. Жағдайдың күрт нашарлауына байланысты сауда-саттықты бірнеше минутқа тоқтатуға тура келді.

Гонконг биржасының негізгі индексі AHI 9%-ке, Ал Тайваньдағы TAIEX шамамен 10%-ке құлдырады. Бұл – жыл басынан бері болмаған ең төменгі көрсеткіштер.

Инвесторлар жаһандық сауда соғысынан қорқып отыр. "Қор нарығындағы дүрбелеңге сол себеп", – дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу