13 шілдеге қараған түні Украина Қарулы күштері Азов теңізінде 15 кемеге соққы жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Nv.ua порталының мәліметінше, зақымданған кемелердің қатарында 7 мұнай танкері, 5 құрғақ жүк кемесі, бір паром және 2 буксир бар.
Роберт Бровдидің сөзінше, 6-13 шілде аралығында Украина әскері жалпы 105 түрлі кемеге нәтижелі соққы жасаған. Алайда бұл ақпарат тәуелсіз дереккөздер арқылы әзірге расталған жоқ. Ресей тарапы Бровдидің 105 кеме зақымданғаны туралы мәлімдемесіне әзірге түсініктеме бермеді.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Азов теңізіндегі кемелерге жасалған шабуылдардан кейін Ресей Азов–Дон теңіз каналы арқылы жүк тасымалын уақытша тоқтатқан. Бұл шешім Азов теңізі арқылы жүзеге асатын Ресейдің астық экспортының шамамен төрттен бір бөлігіне әсер етуі мүмкін. Алайда кеме қатынасының нақты қанша уақытқа тоқтатылғаны әзірге белгісіз.