Азық-түлік бағасы кейде негізсіз өседі – депутат

Бұл жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – азық-түлік өнімдерінің отандық өндірісін дамыту.

Азық-түлік бағасы кейде негізсіз өседі – депутат Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Альберт Раудың айтуынша, үкімет пен әкімдіктердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектеу бойынша қабылдап жатқан шаралары нәтижесіз, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бағалар өсуде. Оның үстіне бізде картоптың да, қанттың да, пияздың да бағасының негізсіз өсуін  байқаймыз. Бұл жағдайдан шығудың бірден-бір жолы – азық-түлік өнімдерінің отандық өндірісін дамыту, негізгі бағыт бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз ету", – деді мәжілісмен.

Бұл ретте депутат былтыр бағасы еселеп өскен қант мәселесіне тоқталды. 

"Ал қант туралы айтатын болсақ, Қазақстанның импортқа қатты тәуелді екені бұрыннан белгілі. Отандық шикізаттан өндірілген қанттың елде 7%-ы ғана тұтынылады. Сонымен қатар, әрине, барлық жеміс-жидектерді және көкөніс өнімдері, тез бұзылатын тауарлар сақтау инфрақұрылымына қатысты сұрақтар туындайды", – деп Үкімет сағатында депутат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу