Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген дүкендер анықталды

938

Негізгі азық-түлік өнімдеріне (ӘМАТ) сауда үстемесінен асып кеткені үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген дүкендер анықталды

"Үй жанындағы" дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Сауда комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы аптада 40,3 мың сауда дүкені тексеріліп, 734 сауда үстемесін бұзу фактісі анықталған, деп жазады inbusiness.kz.

Ең көп бұзушылық Нұр-Султан қаласында (278) және ШҚО-да (80).

Одан кейінгі орындарда Түркістан облысы (38), БҚО-да (33), Қостанай және Маңғыстау облысы (32-ден), Жетісу облысы (30) тұр.

Алматы облысында (28), Атырау облысында (27), Алматы қаласы және Жамбыл облысында (23-тен), Ақмола облысында (21) да бағаны өсіру анықталған.

Павлодар облысында – 17, Ақтөбе облысында-13, СҚО-12, Қарағанды облысында және Қызылорда облысында (11-ден), Абай облысында және Шымкент қаласында (10-нан).

Ең аз бұзушылықтар Ұлытау облысында анықталды (6).

Түсіндірулер нәтижесінде сауда объектілері ӘМАТ-қа өздерінің сауда үстемелерін 5-15%-ға дейін өз еркімен төмендеткен. Бұл ретте, сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылған, 1 айыппұл салынған.

Айта кетсек, ӘМАТ тізбесіне 19 азық-түлік, жарма және көкөністер кіреді: (1-ші сұрыпты ұн, 1-ші сұрыпты ұннан жасалған нан (формалы), түтік кеспе (өлшеніп сатылатын), қарақұмық (өлшеніп сатылатын), күріш (өлшеніп сатылатын), картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан және жіліншік сүйегі), жұмсақ қамтамадағы сүт  майлылығы 2,5% , жұмсақ қаптамадағы айран майлылығы  2,5%, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%), тауық жұмыртқасы (I санаты), ас тұзы ("Экстра"-дан басқа), сүзбе 5-9% майлылығы).

Бұл ретте шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайды. 15%-дан асып кету ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы негізінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу