Азық-түлік бағасын талдайтын маркетинг орталығын ашу керек – Ғалым Әміреев

555

Еліміздегі азық-түлік бағасын бақылауда ұстау үшін талдау жүргізетін маркетинг орталығын ашу керек. Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге осындай депутаттық сауал жолдады.

Азық-түлік бағасын талдайтын маркетинг орталығын ашу керек – Ғалым Әміреев Фото: egemen.kz

Оның айтуынша, бұл мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Сауда министрлігінің басшылары реттеудің жаңа тетігі әзірленіп жатқанын айтқан. Алайда әлі күнге дейін баға қалай реттелетіні туралы механизм ұсынылмаған, дейді.

Депутат Үкіметтен азық-түлік бағасына қатысты жедел шара қабылдауды сұрады. Бағаны бақылаудан бөлек, тауарды тасымалдау мәселесі де өзекті.

"Қазіргі уақытта өте үлкен проблема, астық үшін де, басқа өнімдер үшін де вагондар жоқ. Үкімет кем дегенде бір айға жеңілдік шарттарымен вагондар беру мәселесін шешу керек. Бұл тек әлеуметтік маңызы бар тағамдарға қатысты", – дейді Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу