Азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін 260 кәсіпкерлік субъектімен келісім жасалған

653

Елде 260 кәсіпкерлік субъектісі құны 43 млрд теңгенің "айналым схемасы" бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін 260 кәсіпкерлік субъектімен келісім жасалған

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, "айналым схемасы" кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген қаржыландыру ұсыну арқылы бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

"Маусымаралық кезеңде "айналым схемасы" шеңберінде міндеттемелер алған сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы "үй жанындағы" дүкендерге және базардағы бағаларға қарағанда төмен екенін көрсетті", – деп жазылған хабарламада.

Айналым схемасы – өндірушілерге жеңілдетілген несие беру арқылы тауарларды белгіленген бағамен сату міндеттемелерін енгізу. Кредиттік ақша сауда желілеріне төмен бағалар кезеңінде өнімді алдын ала сатып алуға және өндірушілермен форвардтық шарттар жасасуға көмектеседі.

Қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен бөлініп, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне несие түрінде беріледі. Сонымен қатар сауда субъектілеріне де, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілерге де бөлінеді.

Бүгінде "айналым схемасы" шеңберінде Қазақстанда 260 сауда субъектісі (сауда желілері, дүкендер) және тауар өндірушілермен (шаруа қожалықтары, наубайханалар және тағы басқа) шарттар жасалды. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы – 43 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу