Азық-түлік емес тауар бағасы тамыз айынан бастап көтеріле бастады

2662

Азық-түлік емес тауар бағасы тамыз айынан бастап көтеріле бастады

Ағымдағы жылдың басынан бері инфляциялық процестердің бәсеңдегені байқалып отыр және инфляция қыркүйекте 0,3%-ды, жыл басынан бері 4,2%-ды құрады, деп хабарлайды government.kz.

Бәсеңдеудің негізгі факторлары болып валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтануы, нарықтың инфляциялық күтімдерінің бір қалыптылығы, сондай-ақ азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша өнім шығарылымының өсуі. Мәселен, соңғы 3 ай бойы қатарынан азық-түлік тауарларының бағасы төмендеуде.

Бұл ретте, азық-түлік емес тауарларының бағасы тамызда және қыркүйекте өсе бастады. Ақылы қызметтер бағасы мен тарифтері орташа қарқынмен өсуде.

Осылайша, азық-түлік тауарларының бағасы жылдың басынан бері 3,1%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы - 5,5% және ақылы қызметтер бағасы - 4,3%-ға өсті.

Азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуіне қарамастан, ағымдағы жылдың басынан бері екі таңбалы өсу пиязға (35,6%-ға), сәбізге (24,8%-ға), қызылшаға (14,9%-ға), қой етіне (12,7%-ға) және сиыр етіне (12,6%-ға) байқалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу