Азық-түлік инфляциясы 20,5%-ға жетті – Арман Шаққалиев

425

Осыған дейін Әлихан Смайыловтың төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселелері бойынша кеңес өткенін жазған болатынбыз.

Азық-түлік инфляциясы 20,5%-ға жетті – Арман Шаққалиев Фото: primeminister.kz

2022 жылдың 10 айында азық-түлік инфляциясы 20,5%-ға жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазан айының қорытындысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,8%-ға өскен.

Соның ішінде жұмыртқа (7,6%-ға), ұн (3,9%-ға), күріш (3%-ға), сүт (2,2%-ға) қымбаттаған көрінеді. Ал бір аптада сәбіз (0,8%), картоп (0,6%), қант және қырыққабат (0,1%) бағасының төмендеуі тіркелді.

Арман Шаққалиевтың айтуынша, нарық субъектілері жекелеген тауар позициялары бойынша жосықсыз әрекеттерге жол берген.

"Абай облысына барған кезде Семейден 200 шақырым жерде орналасқан құс фабрикалары жұмыртқаны ондығына 360-380 теңгеден сатқан, ал соңғы сатып алушыға ол 600 теңгеден өткізілгені анықталды. Осыған байланысты монополияға қарсы әрекет етудің шұғыл шараларын қабылдау қажет", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу