Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен меморандумға қол қойылды

1026

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен меморандумға қол қойылды

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Құжатқа Азық-түлік келісім шарт корпорациясының басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов және Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымы хатшылығының бас директоры Ержан Жалмұханов қол қойды.

Меморандум ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру туралы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, Қазақстандағы өсімдік өнімдерін қайта өңдеу және тыңайған жерлерде дақылдарды өсіру бойынша жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

Құжатқа қол қою "ҚазАгро" холдингі мен Ислам ынтымақтастық ұйымы үшін маңызды қадам болды. Ал Қазақстан Республикасының Ислам әлемінің азық-түлік қауіпсіздігі картасына қосылуы өз кезегінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тартуға көмектеседі. 

Айта кетсек, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің сыртық істер министрлерінің 38-ші сессиясы барысында айтқан бастамасы бойынша құрылды.

Ұйым мүше-елдердің ауыл шаруашылығын, азық-түлік қауіпсіздігін тиімді дамыту, биотехнологияларды дамыту, шөлдену, эрозия және топырақтың тұздануынан туындаған проблемаларды шешу бойынша техникалық дайындықты қамтамасыз етеді. Ұйым азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін резервтер құру арқылы төтенше және гуманитарлық көмек көрсете алады.  Ұйымға 31 ел кіреді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу