"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

909

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып Жеңіс Өсербай сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Жаңа басшы бұрын Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Ұлттық компания директорлар кеңесін осыған дейін Нұрбек Дайырбеков  басқарған еді. Биыл мамырда ол өз еркімен қызметінен кеткен.

Айта кетейік, Жеңіс Өсербай 2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметте болған.

2021 жылғы 27 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалған.

Соңғы өзгерісті ескерсек, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ директорлар кеңесі 7 адам тұрады: Жеңіс Өсербай, Ербол Ахметов, Асылбек Бөрібаев, Қадырхан Отаров, Арман Оспанов, Жигули Дайрабаева, Сапархан Омаров.

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы – астық нарығындағы мемлекеттік оператор. 2020 жылдың маусымына дейін компания "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның құрамына кірген. Бүгінде оның акциясының 100%-ы республикалық меншікке (Ауыл шаруашылығы министрлігіне) берілді. Компанияның Каспий теңізінде бес астық базасы және үш астық терминалы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу