"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ облигацияларын толық өтеді

888

Корпорация "Аль-Хилял" банкі алдындағы 15,9 млн АҚШ доллары сомасындағы және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ алдындағы 9 млрд теңге сомасындағы қарызын жыл бойы өтеді.   

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ облигацияларын толық өтеді

2018 жылдың 28 желтоқсан айында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Қазақстандық қор биржасында орналастырылған өзінің облигацияларын толық өтеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Жеке алғанда, ҰСН KZ2C0Y07E152 (коды PRKRb5) компанияның  облигациялары бойынша сомасы 33,3 млрд теңге номиналды құнын, сондай-ақ сомасы 1,25 млрд теңге купонды толық төлеу жүзеге асырылды", – делінген хабарламада.   

Айта кетсек, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" жыл бойы 15,9 млн АҚШ доллары сомасында "Аль-Хилял" банкі мен 9 млрд теңге сомасындағы "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ алдындағы қарызын өтеді.   

Ұлттық компанияның негізгі қызметі – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экпорттың дамуына жәрдемдесу. Оның жалғыз акционері –  "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу