"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" қызметін АШМ құрамында жалғастырады

861

"ҚазАгро" Холдингі өз қызметін реформалау мен тиімділігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асыруда.

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" қызметін АШМ құрамында жалғастырады Фото: inform.kz

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ өз қызметін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында жалғастырады, деп хабарлады "ҚазАгро"-ның баспасөз қызметі.

Енді холдингтің құрылымында 3 арнайы қаржыландырушы компания қалатын болды:
- "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ – АӨК субъектілерін несиелендіру, несие серіктестерін, микроқаржы ұйымдарын, екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компанияларды қорландырумен айналысады.
- "Ауыл шаурашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ – шағын бизнесті микроқаржыландыру, қарыздарды кепілдендіру, АӨК сақтандыру жүйесіне қатысу.
- "ҚазАгроҚаржы" АҚ – ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингі.

Холдинг бұған дейін корпоративтік басқару сапасын арттыру мақсатында еншілес компаниялар санын қысқарту шеңберінде "ҚазАгроКепіл" АҚ-ны "Ауыл шаурашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ға қосу, "ҚазАгроӨнім" АҚ-ны "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға қосу және "Қазагромаркетинг" АҚ-ны тарату жұмыстарын жүргізген болатын.
Еске сала кетсек, өткен жылы "ҚазАгро" Холдингі сыртқы валюталық борыштарын толығымен өтеп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша пайдаға шығу мақсатында трансформация бағдарламасын қабылдаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу