Азық-түлік корпорациясы Парсы шығанағы елдеріне астық жеткізуді жоспарлап отыр

517

Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.  

Азық-түлік корпорациясы Парсы шығанағы елдеріне астық жеткізуді жоспарлап отыр Фото: akorda.kz

Азық-түлік корпорациясы Қатардың Al-Mansour Holding компаниясымен Парсы шығанағы елдеріне астық жеткізу және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін жаңа логистикалық бағыттарды дамыту туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Азық-түлік корпорациясында өткен келіссөздерде ұлттық компания басшысы Асылхан Джувашев пен Al-Mansour Holding өкілдері қазақстандық экспорттан басқа бірлескен өндірістер құруды талқылады.

Al Mansour Holding – 1992 жылы құрылған Катардың жетекші бизнес конгломераты. Оны шейх Мансур бен Джабор Аль Тани басқарады. Холдингтің қызметі экономиканың мұнай-газ саласы, телекоммуникация, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм және логистиканы қоса алғанда, түрлі секторларын қамтиды.

"Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз ынтымақтасуға ниет білдірді, Қазақстан аумағында дәнді дақылдарды өңдеу және өндіру саласындағы ірі инвестициялық жобаларды дамытуға дайын екендіктерін білдірді", – деп Азық-түлік корпорациясы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу