Б. Сағынтаев пен Т. Анодина Қазақстан мен ХАК-тың авиациялық саладағы ынтымақтастық келешегін талқылады

724

Б. Сағынтаев пен Т. Анодина Қазақстан мен ХАК-тың авиациялық саладағы ынтымақтастық келешегін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық авиация комитетінің (ХАК) төрайымы Татьяна Анодинамен кездесу өткізді, деп жазады strategy2050.kz.

Кездесу барысында ХАК-пен авиация саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Анықтама:Биыл қыркүйекте Еуропалық комиссия Қазақстандағы ұшып-қону қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің техникалық бағалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесі бойынша, Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарын тиімді енгізудегі өз деңгейін дәлелдеді және Еуропалық комиссияның 2016 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен, отандық әуе компанияларынан Еуропалық одаққа ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды.

Қазақстан 2020 жылға дейін ИКАО стандарттарын енгізу бойынша 87%-дан жоғары көрсеткішке жетуді және әлемнің үздік 30 авиациялық әкімшіліктерінің қатарына кіруді жоспарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу