БАӘ инвесторы Жамбыл облысында 2 жел электр паркін салмақ

123

Бұл құжатты Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов таныстырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

БАӘ инвесторы Жамбыл облысында 2 жел электр паркін салмақ  Фото: canva

Мәжіліс "Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады. 

Келісім аясында Жамбыл облысының Сарысу және Талас аудандарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын екі ірі жел электр паркін салу жоспарланған. Инвестицияның жалпы көлемі – 1,4 млрд теңге.

Бірінші жоба шеңберінде 500 МВт қуатты жел паркі салынады. Сонымен қатар, 150 МВт қуатты және сағатына 300 МВт энергия сақтай алатын аккумулятор батареялары (BESS) орнатылады.

Бұған қоса, ұзындығы 125 шақырым болатын, кернеуі 220 кВ-тық электр желісі тартылмақ.

Екінші жоба да дәл осындай техникалық сипаттамаларға ие: 500 МВт қуатты жел станциясы мен BESS жүйесі қарастырылған.

Министрдің айтуынша, бұл жобалар іске асқанда өңірдегі көмірқышқыл газының ауаға таралуы 2 млн тоннаға дейін азаяды.

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай жобадағы тарифтердің доллармен есептелуіне қарсылық білдірді.

Ерлан Ақкенженов бұны растады, бірақ тарифтер 25 жыл бойы теңгемен салыстырғанда 1-2 теңгеге ғана жоғары болатынын және шетел валютасына индексацияланбайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу