БАӘ мен Қазақстан елшіліктеріне жер телімі өтеусіз пайдалануға берілмек

650

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары басырында аталған келісімді ратификациялау туралы тапсырма берген. 

БАӘ мен Қазақстан елшіліктеріне жер телімі өтеусіз пайдалануға берілмек

"Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің елшіліктері арасындағы қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің сөзінше келісімді ратификациялау екі елдің елшіліктеріне жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар туғызады.

"1992 жылы 1 қазанда дипломатиялық қатынастар орнатылған сәттен бастап, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері барлық салаларын нығайтуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Әмірліктер біз үшін шығанақ аймағындағы және жалпы араб әлеміндегін негізгі саяси, экономикалық серіктестердің бірі болып табылады. Екі ел арасында жасалып отыратын сапарлардың арқасында күн тәртібі екі жақты жобалармен толықтырылуда. Жақында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бастаған делегацияның БАӘ-ге жұмыс сапары барысында жалпы сомасы 6,1 млрд долларды құрайтын инвестиция бойынша үкіметаралық мемарандумға қол қойылды. Сонымен қатар Әмірліктер тарапы елімізге пандемиямен күреске қолғабыс ретінде жалпы салмығы 103,2 тоннаны құрайтын гуманитарлық жүк жолдады. 2017 жылғы 15 қаңтарда Әбу Даби қаласында жасалған келісімді ратификациялау қос ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру және дипломатиялық қатыснастарды нығайту үшін маңызды", – деді министр. 

Келісімнің 1 бабына сәйкес БАӘ тарапына Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік және Қошқарбаев даңғылдарының қиылысындағы жер учаскесі, ал қазақстандық тарапқа Әбу Даби қаласындағы дипломатиялық корпусы орналасқан жер учаскелері 49 жылға ұзарту шартымен өтеусіз пайдалануға беріледі. 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары басырында аталған келісімді ратификациялау туралы тапсырма берген болатын. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу