Бағаны көтерген ұялы операторларға қатысты тергеп-тексеру басталды

241

Операторлар қызмет құнын 7 пайыздан 57 пайызға бірақ көтергені әшкереленді

Бағаны көтерген ұялы операторларға қатысты тергеп-тексеру басталды Фото: Inbusiness.kz

"Кселл", "Tele2/Altel" және "Beeline" операторларының үстінен тергеп-тексеру амалдары басталды. Олар тариф құнын шамадан тыс, негізсіз өсірді деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі ел азаматтарынан түскен арыз-шағымдардың негізінде сараптама жүргізіп, операторлар қызмет құнын 7 пайыздан 57 пайызға бірақ көтергенін әшкереледі. Бұған дейін олардың тарапынан бір минут сөйлесу және бір смс жіберу кезінде агенттікпен келісілген шешімге қарсы әрекет анықталыпты. Енді олар бағаны төмендетуге міндеттеліп отыр. Егер талап белгіленген мерзімде орындалмаса, агенттік тағы тергеп-тексеру жүргізбекші.

"Тариф құнының өскені азаматтардың арызы және нарыққа жүргізілген сараптаманың қорытындысында анықталды. Біз қазір бағаның негізсіз көтерілу белгілерін көріп отырмыз. Енді заң бойынша 3 ай тергеу жүргіземіз. Егер заңбұзушылық дәлелденсе, әкімшілік кодекске сәйкес, операторлар айыппұл арқалайды", - дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Басқарма басшысы Данияр Сағыныш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу