Backstreet Boys Астанаға келді

148

Әуежайда оларды жанкүйерлер мен қызметкерлер ерекше ілтипатпен қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Backstreet Boys Астанаға келді Фото: nickcarter

Әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы Қазақстан астанасына келді. 

Әуежай қызметкерлері топтың атақты Everybody әніне би қойып, өнер көрсетті. Топ мүшесі Ник Картер бұл сәтті видеоға түсіріп, Threads парақшасында жариялады.

"Астана әуежайында таңертең бізді керемет қарсы алды. Қазақстандағы жылы лебіздеріңіз үшін шексіз ризамыз", – деп жазды ол.

Backstreet Boys концерті 21 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл шоу олардың әлемдік турнесінің бір бөлігі саналады.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астанадағы концертке 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді. Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Чехия, Сербия, Әзербайжан, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден жанкүйерлердің ағылуы күтілуде.

Сонымен қатар көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады. Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін "Астана Арена" стадионына жеткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу