banner

Бағалы қағаздар нарығында 38 брокер жұмыс істейді

2 жаңа инвестициялық пай қоры ашылды. 

Бағалы қағаздар нарығында 38 брокер жұмыс істейді Фото: businessfm.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы есебінде 
 жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Деректерге сүйенсек, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялау нарығында 46 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.

"Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 413,7 млрд теңгені құрап, негізінен 2 жаңа инвестициялық пай қорын ашу есебінен 2022 жылғы қарашада 3,5 млрд теңгеге немесе 0,9%-ға ұлғайды", – деп хабарлады Агенттік. 

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 376,9 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 91,1%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 83,3%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

"Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 38 брокер мен дилер (15 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді", – деп жазылған Агенттік есебінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу