"Бағанашыл" балалар үйінің жаңарған ғимараты 2026 жылы пайдалануға беріледі

125

Тәрбиеленушілер уақытша №1 арнайы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатына орналастырылған.

"Бағанашыл" балалар үйінің жаңарған ғимараты 2026 жылы пайдалануға беріледі Фото: Алматы әкімдігі

Қараша айында Алматыда “Бағанашыл” балалар үйінің реконструкциясы басталады, ескі ғимараттың орнына жаңа нысан салынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, Бағанашыл шағын ауданында, Сырғабеков көшесі, 22 мекенжайында орналасқан балалар үйінің ғимараты 2025 жылдың тамыз айында қаланың коммуналдық меншігіне берілген.

"Балалар үйі ғимараты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталып, 2026 жылдың төртінші тоқсанында аяқталуы жоспарланған", – деді ведомствода.

Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр, ал тәрбиеленушілер уақытша №1 арнайы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатына орналастырылған. Қазіргі таңда орталықта 100 бала бар, олардың 13-і мектепке дейінгі жаста, ал 87-сі – мектеп оқушылары.

Еске салайық, 21 шілде күні "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаевқа көшіріле бастады. Алайда балалар бұған наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде мекеме ішіндегі кикілжіңнің бейнежазбасытарады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіруге тыйым салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу