"Бағдар" жобасы балаларды кәсіби бағдарлауға баулиды

645

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды ерте кәсіби бағдарлауға баулитын "Бағдар" жобасы әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бағдар" жобасы балаларды кәсіби бағдарлауға баулиды

"Министрлік "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп "Бағдар" жобасын әзірледі. Біз палатамен және сарапшылармен осы тақырып бойынша арнайы жиналыс өткізіп, нақты жоспар белгіледік", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің мәлімдеуінше, жоба оқушылардың кәсіби диагностикасын, кәсіби бағдар беруді сүйемелдеу, кәсіби сынақ, сондай-ақ кәсіби бағдардың жаңа тәсілдеріне оқытуды қамтиды. Бағдарлама  еліміздің барлық орта білім беру ұйымдарына енгізіледі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу