Бағдарлама дайын, қаржы мәселесі толықтай шешілді – Ералы Тоғжанов

711

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов саяси қуғын-сүргін және ақтау процесіне қатысты ғылыми бағдарлама әзірленгенін мәлімдеді. 

Бағдарлама дайын, қаржы мәселесі толықтай шешілді – Ералы Тоғжанов

Ол бағдарлама дайын екенін және қаржы мәселесі толықтай шешілгенін айтты, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Мемлекеттік комиссия қызметін қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстанда XX - ғасырдың 20-50 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процесі" бірыңғай деректер базасын қалыптастыру тақырыбында арнайы ғылыми бағдарлама әзірленді. Бағдарлама дайын, қаржы мәселесі толықтай шешілді. Бағдарламаны келесі аптада жоғары ғылыми-техникалық кеңестің отырысында қарастырамыз", – деді Ералы Тоғжанов. 

Оның айтуынша, кеңес құрамында 11 мемлекеттік органның өкілі, 6 ғалым бар.

"Барлық өңірде әкімдердің орынбасарлары басқаратын арнаулы өңірлік комиссия құрылды. Олардың да құрамына жергілікті ғалымдар, қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары енді. Жергілікті комиссиялар аймақтық мұрағаттарға қатысты жұмыстарды атқарады", – деді Ералы Тоғжанов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу