Бағдат Мәнізоров қайта тергелуі мүмкін

2101

Ұлттық бюро Мәнізоров ісі бойынша Бас прокуратураға шағым түсірді.  

Бағдат Мәнізоров қайта тергелуі мүмкін

Аты-шулы Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты іс қайта тегелуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бас прокуратураға осындай ұсыныс айтып, хат жолдаған. Бұл туралы Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.  Қазір бұл шағым қарастырылу үстінде екен.

Естеріңізге сала кетсек, Бағдат Мәнізоровтың үстінен бұған дейін Ұлттық бюро алаяқтық бабы бойынша іс қозғаған болатын. Алайда, Бас прокуратура бұл істе қылмыс құрамы жоқ деген шешім шығарып, істі тоқтатып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу