Бағдат Мусин бұған дейін интернетпен қамту бойынша статистика дұрыс жасалмағанын мойындады

856

Бүгін Мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен Үкімет сағаты өтті. Халықты интернетпен қамту және интернет сапасына қатысты кемшіліктерді мойындаған министрдің өзі де депутаттар тарапынан қарша бораған сауалдардың астында қалды inbusiness.kz тілшісі.

Бағдат Мусин бұған дейін интернетпен қамту бойынша статистика дұрыс жасалмағанын мойындады Фото: tengrinews.kz

Тіпті, депутат Еділ Жаңбыршин Министрге "қысқа, нұсқа жауап беріңіз" деп ескерту айтты.
"Интернет сапасы неге төмен деген шағымдар көп, оны біз мойындаймыз! Бірақ кейбір факторларға тоқталсақ", деп ақтала жалғады сөзін, министр.

"Өзіңіз білетіндей, қазіргі уақытта цифрлық экономиканың, ойын-сауық контенттің өсуі, бизнестің виртуальды қарым-қатынасқа шығуы, яғни экономикалық іс-әрекет платформалық модельге өтуіне орай, интернет траффиктің пайдалану қарқыны едәуір өсуде. Пандемия кезінен бастап, бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті".

Ал, әлемде 4,9 млрд адам интернет қолданады деген дерек келтірген Бағдат Мусиннің мәліметінше  елімізде Интернет пайдаланушылардың саны 90,9 пайызды құрап отыр. 
"Интернет қолданушыларының саны ғана емес, сонымен бірге олардың Интернетте өткізетін уақыты да өсуде. Аталған факторлар байланыс инфрақұрылымына түсетін салмақтың артуына басты себеп", дейді Бағдат Мусин.

Министр сонымен қатар, халық арасындағы  радиофобия проблемасын  да түбегейлі шешпей байланыс сапасын жақсарту мүмкін емес деген пікірде.

"Өйткені, 10 мың базалық станция орнатамыз, азаматтардың шағымы бойынша  төрт мыңын шешеміз, жұмысымыздың тиімділігі төмендейді", деді ол.

Бағдат Мусин, бұрындары біз интернет инфрақұрылымын 99% елді мекеніне жетіздік деп есеп беретінбіз, бірақ біз 99 пайыз елді мекенінде емес, жалпы адам санын алсақ, оның 99%-ы тұратын елді мекендерде интернет бар деп жауап беретін болатынбыз, бірақ, жалпы елді мекендерді алатын болсақ, біз мобильді интернетпен тек 74%-на ғана жетіп тұрмыз", деді Цифрлық даму министрі. 

Оның дерегінше, барлық елдімекендердің 34 пайызы ADSL технологиясымен, яғни мыс сымымен қосылған, ал оптикамен 26 пайыз қамтылған.

Министрдің дерегінше, берілген жеңілдіктерге қарамастан, байланыс саласына инвестициялар жыл сайын төмендеуде, бүгін бұл көрсеткіш 33 пайызға төмендеді. 2020 ж. – 169 млрд.теңге; 2021 ж. - 147,4 млрд. теңге; 2022 (10 ай.) ж. - 112,8 млрд.теңгені құқрап отыр. 
Осы фактілерді мойындаған Бағдат Мусинге Мәжіліс депутаттары ауылдарды аралап көруге кеңес берді. 

Өз кезегінде Бағдат Мусин биыл 9 өңірді аралап, интернет сапасын құрылғылардың көмегімен өзі де тексеріп көргенін, тіпті байланыс нашар жерлерде операторларға айыппұл да салғанын айтты. Сонымен қатар, өңірлерді аралауды жалғастыратынын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу