Бағдат Мусин "Қазақтелекомның" өткен жылы қанша табыс тапқанын айтты

121

Компания бюджетке 89,2 млрд теңгеге салық төледі. 

Бағдат Мусин "Қазақтелекомның" өткен жылы қанша табыс тапқанын айтты Фото: inbusiness.kz

"Қазақтелеком" компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Мусин өткен жылдың көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап. 

Компанияның жалпы кірісі 587 млрд теңгеге жеткен. Нақты шығындары жоспардан 2,6%-ға төмен болып, 508,9 млрд теңгені құраған.

"Таза пайда 147 млрд теңгеге жетті. Бір реттік факторларды есепке алмағанның өзінде негізгі бизнес табыстылығының сенімді өсімі байқалады. Қарыз жүктемесі де қолайлы деңгейде сақталып отыр", – деді Бағдат Мусин "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында.

"Қазақтелеком" бюджетке 89,2 млрд теңгеге салық төлеп, инфрақұрылымды дамытуға 200 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталған.

Бүгінде компания 1,9 млн тіркелген интернет абонентіне, 8,7 млн ұялы байланыс пайдаланушысына және 1,2 млн TV+ қызметінің қолданушысына қызмет көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу