Бағдат Мусин облыс орталықтарына 5G технологиялары қашан жететінін айтты

339

Ол бұл жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін екенін айтты. 

Бағдат Мусин облыс орталықтарына 5G технологиялары қашан жететінін айтты Фото: mobilaser.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда 5G технологияларын өрістету бағытындағы бағдарламаны іске асыру мерзімдерін атады, деп жазады inbusiness.kz.

“Осы жылы 700 базалық станцияны орнату жоспарланған болатын. Операторлар бұл көрсеткіштерді басып озып, соңына дейін мыңнан астам базалық станцияны орнатады. Олардың инвестициялауға дайын екенін әрі байланыс инфрақұрылымын жедел қарқынмен дамытуға дайындығын ескерсек, ұялы байланыс операторларымыз тапсырманы орындап, 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ын, ал облыс орталықтарының 60%-дан астамын қамтитына толық сенемін”, - деді ведомство басшысы Digital Bridge форумындағы брифингте.

Бағдат Мусин 2025 жылдың соңына дейін әр облыс орталығында аумақтардың 60%-дан астамы 5G технологиясымен қамтылатынын баса айтты.

“Бұл басқа технологиялар жұмыс істемейді деген сөз емес. Бұдан бөлек біз 4G инфрақұрылымын нығайту бағытында базалық станцияларды ауқымды түрде жаңартудамыз. Осы жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары арасында радиожиіліктің тағы бір функциясын ойнау үшін радиожиілік конкурсы жарияланатын болады”, - деп қорытындылады ол.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық облыс орталықтарына 5G енгізуді мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу