Бағлан Құлтаев жаңа қызметке сайланды

1116

Бұған дейін ол корпорацияның басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарған.  

Бағлан Құлтаев жаңа қызметке сайланды

"ҚазАгро" холдингі "Аграрлық несие корпорациясы" (АНК) АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы қызметіне Бағлан Құлтаев сайланды, деп хабарлайды "ҚазАгро" холдингі" АҚ баспасөз қызметі.

"Холдинг акционер ретінде ашықтық саясатына мүдделі және мұны толық қолдайды. Бұрын айтылғандай, "ҚазАгроны" реформалау мақсатында Холдингті трансформациялау бағдарламасы бекітілді. Осы міндетті іске асыру шеңберінде корпоративтік және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау процесі жүріп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға және корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес, акционерлік қоғам акционерінің, Директорлар және басқарма кеңесінің өкілеттігі шектелді. Атап айтқанда, Басқарма төрағасының өкілеттігін тоқтатуы Директорлар кеңесінің құзырында. Осылайша, АНК бұрынғы төрағасы М.Дәрібаевтың өкілеттігін тоқтатуы бұның алдында жоспарланған шара еді. Ол тек кезекті отырыста бекітілді. Тағы бір айта кететін жайт, Мұрат Аманкелдіұлы Холдингте жұмыс істемек", - деп жазды Дамир Аспан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу