Байден АҚШ-тың 2023 қаржы жылына арналған бюджетіне қол қойды

543

Бюджетте Украинаға көмек көрсету де қамтылған.

Байден АҚШ-тың 2023 қаржы жылына арналған бюджетіне қол қойды Фото: google.com

АҚШ президенті Джо Байден 2023 жылға арналған бюджетіне қол қойғанын жариялап, онда Украинаға көмек көрсету қамтылғанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-ке сілтеме жасап.

Ол бюджетте "медициналық зерттеулерге, қауіпсіздікке, ардагерлердің денсаулығын сақтауға, апатты қалпына келтіруге, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресуге және Украинаға сыни көмек көрсетуге арналған қаражатқа" инвестиция енгізілгенін атап өтті.

Бұған дейін 1,7 трлн доллар көлеміндегі жылдық бюджет жобасын АҚШ Конгрессінің қос палатасы да мақұлдағаны хабарланған болатын. Оның 45 млрд доллары Украина мен НАТО елдеріне көмек көрсетуге арналған.

Қорғаныс шығындары 858 млрд долларды құрайды, бұл биылғы жылмен салыстырғанда 10%-ға көп және Байденнің өтінішінен 45 млрд долларға асып түскен. Бюджеттің қорғанысқа жатпайтын бөлігі 2022 қаржылық жылдың деңгейінен 6%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу