Байден баспасөз мәслихаты кезінде журналистердің әрекетін мазақ етті

577

АҚШ Президенті Байден Ақ үйдегі баспасөз мәслихаты кезінде журналистердің жан-жақтан жаудырған сұрақтарына қызық жауап қайтарды.

Байден баспасөз мәслихаты кезінде журналистердің әрекетін мазақ етті Фото: kommersant.ru

Джо Байден Израиль Президенті Итжак Герцогпен кездесу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты кезінде журналистердің әркетіне күліп, балаша мазақ етті, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Ақ үйдің Кеңсесінде түсірілген бейнежазбада журналистер жан-жақтан сұрақ қойып жатқанын американдық көшбасшы қызық көріп, репортерлердің біріне қарап, балаша ернін тез қозғай бастады. 

Бұл биыл 80 жасқа толатын Байденнің көзге ілінген біртүрлі алғашқы әрекеті емес. Сәуір айының басында ол Барак Обаманың әйелі Мишельге өз иемденіп отырған қызметті – вице-президент лауазымын тағайындады.  

Сонымен қатар Байден өзінің серіктесі Камала Харристі бірнеше рет президент деп атады, Ресей басшысы Владимир Путиннің тегін қате айтып, "вакцинация" мен "эскалация" сөздерін, сондай-ақ Сирияны Ливиямен және Иракты Иранмен шатастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу