Байден G20 саммитінде Путинмен жеке кездеспейді

443

Он жетінші G20 саммиті 15-16 қарашада Балиде өтеді.    

Байден G20 саммитінде Путинмен жеке кездеспейді Фото: Haber Global

Дүйсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер АҚШ президенті Джо Байден өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Индонезияда өтетін G20 саммитінің аясында кездесу жоспарланбағанын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Президент кездесуге ниеті жоқ екенін анық айтты",-деді Жан-Пьер брифинг барысында.

Сонымен бірге, баспасөз хатшысының айтуынша, Ресей саммитке қатысатын болса АҚШ Украинаның да Балидегі алдағы жоғары деңгейдегі кездесуге келуін қолдайды.

Он жетінші G20 саммиті 15-16 қарашада Балиде өтеді. Саммит Индонезияның G20-ға төрағалық еткен жылы өткен министрлер, жұмыс топтары мен өзара іс-қимыл топтары деңгейіндегі бірқатар кездесулердің шарықтау шегіне айналмақ.

Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Байденнің сөйлесу алаңына негіз АҚШ-тың Ресейдің, соның ішінде қауіпсіздік мәселелерін тыңдауға деген ұмтылысы болуы мүмкін деп мәлімдеген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу