Байден G20 саммитінде Си Цзиньпинмен кездеспейді

354

Жиырма топ саммиті 9-10 қыркүйекте Нью-Делиде өтеді. 

Байден G20 саммитінде Си Цзиньпинмен кездеспейді Фото: img8.eadaily.com

АҚШ президенті Джо Байденнің жоспарында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен Үндістандағы жиырма топ саммитінде (G20) кездесу жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz NBC америкалық әкімшіліктегі дереккөздеріне сілтеме жасап.

Телеарна хабарлағандай, Қытай мен АҚШ басшылары қараша айында өтетін Сан-Францискодағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінің (АТЭС) алаңында кездесуі мүмкін. 

Алайда бұрын хабарланғандай, Си Цзиньпин G20 саммитіне бармайды. Кездесуде Қытай Мемлекеттік Кеңестің Премьер-Министрі Ли Цянның ел атынан шығады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу