Байден мен Макрон Мәскеуге қарсы санкция мәселесін талқылады

1214

АҚШ пен Франция президенттері Ресей Украинаға басып кірген жағдайда оған қарсы ауқымды экономикалық санкциялар енгізу бойынша бірлесе әрекет етуге уағдаласты.

Байден мен Макрон Мәскеуге қарсы санкция мәселесін талқылады Фото: reuters.com

АҚШ Президенті Джо Байден Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қос елдің басшылары Украина төңірегіндегі жағдайды және оның шекарасында Ресей әскерилерінің көбеюін талқылады. Байден мен Макрон Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындайтынын растады.

Сонымен қатар олар дипломатиялық іс-қимыл бойынша, сондай-ақ Ресей Украинаға басып кірген жағдайда оған қарсы ауқымды экономикалық санкциялар енгізу бойынша бірлесе әрекет етуге уағдаласты. Олар НАТО одақтастарымен және ЕО серіктестерімен тығыз байланыста болатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Эммануэль Макрон АҚШ-тың Украина мәселесін шешуге қатысуы "Норманд форматын", яғни Ресей, Украина, Франция және Германияның қатысуымен өтетін келіссөздерді алмастырмайтынын жариялады. Саясаткердің айтуынша, соңғы жылдары бұл алаңдағы келіссөздер жағдайдың ушығуын болдырмай, нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу