Байден мен Макрон Украинадағы жағдайды талқылайды

268

Франция президенті Эммануэль Макрон Джо Байден президент болғалы бері алғаш рет мемлекеттік сапармен Вашингтонға барады.  

Байден мен Макрон Украинадағы жағдайды талқылайды Фото: img3.eadaily.com

Энергетикалық қауіпсіздік, Украинадағы жағдай мен Қытайдың ықпалының артуы Франция президенті Эммануэль Макронның АҚШ-қа сапары кезінде талқыланатын негізгі тақырыптар болады. Бұл туралы Ақ үйдің аға қызметкері журналистермен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Бірінші кезекте, бұл сапар - екі президенттің ең өзекті деген жаһандық мәселелерге қатысты ұстанымдарын келісу мүмкіндігі. Украинадағы жағдай - басты тақырып", – деді Ақ үйдің аға қызметкері.

Оның айтуынша, Мемлекеттік департамент Украинадағы энергетикалық дағдарысты еңсеруге өзге елдердің қолдауына ие болу үшін барын салуда.

"Ресейдің Украинаның энергетикалық жүйелері мен азаматтық инфрақұрылымына шабуылы кезінде екі көшбасшы оны қолдаудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Бұл Президент Байден үшін өте маңызды. Франция басшысы Макрон желтоқсан айының басында Парижде Украинаның энергетикалық мәселелерін шешудегі тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған конференция өткізбекші.

Екі көшбасшы да Батыс пен АҚШ-тың Украинаға қатысты дипломатиялық стратегиясы аясында Қытайдың ұстанымы қандай екенін білгілері келеді. Сондықтан Қытай туралы да сөз болатынына сенімдімін", - деді спикер.

Тағы бір талқыланатын өзекті тақырып – Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты бағасы көтерілген Еуропадағы энергия тасымалдаушыларының жағдайы.

 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться