Байден мен Путин Еуропада кездеседі

935

Саммиттің алдында Ресей СІМ-нің басшысы Сергей Лавров пен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің келіссөздері өтеді.

Байден мен Путин Еуропада кездеседі

Франция Президенті Эммануэль Макрон америкалық және ресейлік әріптестері Джо Байден мен Владимир Путинге Еуропадағы қауіпсіздік және стратегиялық тұрақтылық мәселесі жөніндегі саммитті өткізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ұсынысты Путин мен Байден қабылдап, Еуропада кездесу өткізуге келісті.

Сонымен қатар Макрон барлық мүдделі тараптардың басқосуын ұйымдастыруға шақырды. 

"Ресей Украинаға басып кірмесе, кездесу өтеді", – деді Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки.

Бұл саммиттің алдында Ресей СІМ-нің басшысы Сергей Лавров пен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің келіссөздері өтеді. Олар 24 ақпанда жүздеседі. Жиында мемлекет басшылары арналған сұрақтар дайындалады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу