Байден президенттікке келгелі, 1,5 миллион жұмыс орны құрылды

849

Құрама Штаттардың қаржы министрі Джанет Йеллен елдегі жұмыссыздық деңгейі пандемияға дейін көрсеткіштерге 2022 жылы түсетінін жариялады.

Байден президенттікке келгелі, 1,5 миллион жұмыс орны құрылды

Джозеф Байден президенттікке келгелі, АҚШ-та 1,5 миллион жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Ақ үй басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Сәуір айында елімізде 266 мың жұмыс орны құрылды. Менің әкімшілігім билікке келген сәттен бастап есептесек, олардың саны 1,5 миллионнан асты. Бұл көрсеткішке алғашқы 100 күн ішінде жеттік. Америкалық президенттердің ешқайсысы бұрын мұндай нәтижеге қол жеткізбеген", – деді Байден.

Оның айтуынша, жақын арада АҚШ экономикасының қарқыны күшейеді. "Бірінші тоқсанда экономика өсімі 6,4% болды. "Америкалық құтқару жоспары" арқасында алдағы айларда соңғы 40 жылда тіркелмеген экономикалық өсімге қол жеткіземіз", – деді америкалық президент.

Өткен жылдың сәуір айында АҚШ-тағы жұмыссыздық 14,7%, мамырда  13,3%, маусымда 11,1%, шілдеде 10,2%, тамызда 8,4%, қыркүйекте 7,9% деңгейінде болды. 2020 жылдың мамыр және маусым айларында 7,5 миллионнан астам жаңа жұмыс орны құрылған болатын.

Бұған дейін елдің қаржы министрі Джанет Йеллен елдегі жұмыссыздық деңгейі пандемияға дейін көрсеткіштерге 2022 жылы түсетінін жариялаған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу