Байден Ресей экономикасының "теңселіп" жатқанын мәлімдеді

1982

Ол АҚШ әскерінің Украинада Ресеймен қарулы қақтығыс жүргізбейтінін жариялады.

Байден Ресей экономикасының "теңселіп" жатқанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Джо Байден АҚШ Конгресіне арналған жыл сайынғы "елдің жағдайы туралы" жолдауында Ресей экономикасы "теңселіп жатыр" деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

АҚШ басшысы бұған Ресей Президенті Владимир Путин кінәлі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Украинадағы қарулы қақтығыс "Ресейді әлсіретеді, ал қалған елдерді күшейтеді" дегенді айтты. Оның сөзінше, Ресей қор нарығы АҚШ пен оның одақтастары енгізген шектеу шараларының салдарынан капиталдандырудың 40%-ын жоғалтқан. Ақ үй басшысы АҚШ санкциялары тек Ресей экономикасына әсер ететінін айтып, америкалықтарды одан қорғау үшін қолдан келгенді жасауға уәде берді.

Сонымен қатар Байден өзінің үндеуінде АҚШ әскерінің Украинада Ресеймен қарулы қақтығыс жүргізбейтінін жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: nbcnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу