Байден: Ресей санкцияның астында қалады

1095

Егер Путин Украинаға шабуыл жасаса, Ресей санкцияның астында қалады. Теріскейдегі көршіміз, АҚШ долларын пайдалану құқынан да айырылуы мүмкін. Баспасөз мәслихатын өткізген Байден осылай дейді.

Байден: Ресей санкцияның астында қалады Фото: reuters.com

Байденнің пікірінше, Кремль, Украинамен шекаралас аймаққа 100 мың әскерді орналастырып, соғысқа дайындалып жатыр.

Олар Украинаның НАТО құрамына енгенін қаламайды.

Ресей болса, шабуыл жасау туралы жоспардың жоқ екенін айтады. Осыған қарамастан АҚШ, Еуропадағы одақтастарымен бірлесіп, Ресейге қарсы қысымды күшейткелі жатыр.

Дегенмен шектеу жасауға келгенде, олар таяқтың бір ұшы, өздеріне тиетінін айтып, қатаң санкция салуға қатысты ортақ шешімге келген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу