Байден тағы да сайлауға түсуі мүмкін

513

Демократиялық партия мүшелерінің барлығы бірдей оны қолдап отырған жоқ.

Байден тағы да сайлауға түсуі мүмкін

АҚШ Президенті Джо Байден қарашада өтетін Конгресс сайлауынан кейін 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдейді, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, ол 8 қарашада өтетін Конгрес сайлауынан кейін бірнеше ай өткен соң өз үміткерлігін ұсынбақ.

Бұған дейін Ақ үй Байденнің екінші мерзімге қайта сайлану жоспары бар екенін растады. Бірақ Демократиялық партия мүшелерінің барлығы бірдей оны қолдап отырған жоқ.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың қараша айында АҚШ-та президенттік сайлау болған еді. Саяси тартыста Джо Байден дауыстың басым бөлігіне ие болып, бұрынғы президент Дональд Трамп жеңілген болатын.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу