Байден: Украина келесі аптада Abrams танктерін алады

386

21 қыркүйек күні Ақ үйде Джо Байден құрамында Владимир Зеленский бар делегациямен келіссөздер жүргізді. 

Байден: Украина келесі аптада Abrams танктерін алады Фото: eadaily

Америкалық көшбасшы Джо Байден Abrams танктері келесі аптада Украинаға жеткізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен АҚШ-тың Украинаға артиллерия, оқ-дәрілер, танкке қарсы күрес құралдары кіретін жаңа әскери көмек траншын мақұлдадым. Келесі аптада алғашқы америкалық Abrams танктері Украинаға жеткізіледі", - деді ол.

Бұған дейін журналистерге арналған тұрақты брифингте Пентагонның баспасөз хатшысы бригадалық генерал Патрик Райдер Abrams-тың Киевке жеткізілімдері жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын және техника Украинаға "алдағы күндерде немесе апталарда" келетінін хабарлаған еді.

Сонымен қатар, Байден АҚШ Украинаға Әуе қорғанысы құралдарын жеткізуді арттыратынын, соның ішінде Hawk жүйесінің жаңа батареяларын тарататынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу