Байденге қатысты импичмент жариялауды бастау керек пе, әлде жоқ па?

449

Бұл мәселе бойынша дауыс беру АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасында 12 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған. 

Байденге қатысты импичмент жариялауды бастау керек пе, әлде жоқ па? Фото: pixabay.com

Депутаттар президент Джо Байденге импичмент жариялау үдерісі аясында тергеуді ресми мақұлдау туралы қарарға дауыс береді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты NBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

NBC телеарнасының мәліметтері бойынша, дауыс беру республикашыларға Байден отбасының ісін тергеуге қосымша өкілеттік береді.

Егер конгресстің төменгі палатасының барлық республикашылары дауыс беруге келіп, қарарға "жақтап" дауыс берсе, ал бүкіл демократиялық азшылық "қарсы" болса, онда басымдық 4 дауысқа тең болады деп есептелінген.

Бұған дейін, Өкілдер палатасының бұрынғы спикері Кевин Маккарти 2023 жылдың қыркүйегінде палата комитеттеріне тергеуді бастауды тапсырған.  Оның нәтижесі Байденге импичмент жариялау мүмкін, алайда АҚШ билігі бұл мәселе бойынша ресми дауыс беруді тағайындаудан бас тартқан.

Атап айтқанда, тергеу Байден отбасының қаржылық қызметіне, соның ішінде президенттің ұлы Хантер Байденнің украиналық "Бурисма" энергетикалық компаниясынан алған төлемдеріне бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу