ҚР білім және ғылым министрлігі білім технологияларын анықтайтын байқау өткізеді. Республикалық білім бәсекесін ҚР "Атамекен" КҰП және "Болашақ" қауымдастығы қолдайды, деп хабарлайды ortcom.kz.
Байқауға нәтижесі 22 тамыз Республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында белгілі болады.
"Байқау арқылы білім саласындағы стартап жобалардың жарыққа шығуға мүмкіндігі бар. Конкурс негізінде үздіктер анықталатын болады. 11 тамызға дейін конкурстың финалистерін жариялаймыз",-деді "Атамекен" КҰП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Тынышбайұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда.
Стартап жобалар білім саласындағы методика, сандық технологиялар мен білімді жаттықтыру тренажерларына қатысты жаңалығымен болуы шарт. Байқау туралы толық ақпаратты ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР "Атамекен" КҰП және "Болашақ" қауымдастығының ресми сайтынан алуға болады.